Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – ҚХР» саммитіне қатысады
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-парақшасында жазды.
-->
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-парақшасында жазды.
Онлайн форматта өтетін жиынға Қытай тарапы бастамашы болды. Көшбасшылар түрлі салалар бойынша Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы көпжақты стратегиялық ынтымақтастықтың даму перспективаларын талқылайды.
Іс-шара қорытындысы бойынша дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына байланысты Бірлескен мәлімдеме қабылданады деп жоспарланған, - делінген жазбада.