Армения президенті отставкаға кетті
-->
Ұзақ ойланып, шамамен төрт жыл белсенді жұмыс істегеннен кейін президент қызметінен кетемін деп шештім. Бұл - сезімге берілгеннен қабылданған шешім емес, қисыны бар шешім. Президенттің ел мен ұлт үшін күрделі кезеңде ішкі және сыртқы саясаттың радикалды процесіне ықпал етерліктей құралдары жоқ.
Мемлекетіміз үшін ұлттық бірлік қажет осы күрделі кезеңде президент институты өсек пен қастандық теорияларының нысанына айналмауы керек. Бұл қоғам назарын маңызды мәселелерден алшақтатады, – делінген Саркисян мәлімдемесінде.