Тоқаев саяси трансформацияның магистралды бағдарынан еш ауытқу болмайтынын айтты
Тоқаев саяси трансформация және қоғамды жаңғырту бағыты жалғасатындығын баса айтты.
-->
Билік пен бизнестің сындарлы өзара іс қимылы әлеуметтік тұрақтылықтың мығым негізін құрады. Ал ол өз кезегінде экономикалық, сонымен қатар саяси реформаларды сәтті жүзеге асыру үшін маңызды шарт саналады, - деп атап өтті Президент.
Тоқаев саяси трансформация және қоғамды жаңғырту бағыты жалғасатындығын баса айтты.
Таяуда саяси трансформацияның магистралды бағдарынан еш ауытқу болмайтынын мәлімдеген едім. Мен Мемлекет басшысы ретінде саяси трансфромация және қоғамымызды жаңғырту саясатын жалғастыра беретін боламын. Сондықтан экономикалық реформалар бағдарламаларымен бірлесіп жұмыс істеу қажет. Реформа бағыты берілді. Нарықтық әлеуметтік бағдарланған және әртараптандырылған экономикаға көшу керек, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.