Саясат

Мәжіліс ЕАЭО-ның электр энергетикалық нарығына қатысты құжатты мақұлдады

 

 

-->

Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресейдің ұлттық электр энергиясы нарықтарын интеграциялау жолымен қалыптастыру жоспарлануда. Жоспарда Хаттамада көзделген ЕАЭО-ның ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыруға бағытталған қағидаларды бекіту және күшіне енгізу мерзімдері белгіленген. Хаттамамен ЕАЭО-ның ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру, оның жұмыс істеу және даму негіздері бойынша нақтылаулар енгізілді. ЕАЭО-ның ортақ электр энергетикалық нарығының жұмыс істеу қағидаларымен реттелетін салалар белгіленеді. Ұлттық нарықтардың ерекшеліктерін ескере отырып, тараптар ЕАЭО-ның ортақ нарығын қалыптастыру кезінде қолданыстағы ұлттық электр энергетикалық нарықтарды, оның ішінде қуат нарықтарын сақтау жөнінде келісімге қол жеткізді, - деді Энергетика министрі Болат Ақшолақов.