Үкімет басшысы өңірлердің әкімдеріне үстеме бағаны бақылау жұмысын күшейтуді тапсырды
-->
Бүгін айтылған ұсыныстарды жалпы қолдаймын. Дегенмен мемлекеттік органдар басшыларының назарын бірқатар мәселеге аударғым келеді. Бірінші, Бәсекелестікті қорғау агенттігі монополияға қарсы іс-шара қолдану және делдалдық схемаларды тексеру бойынша жұмысты күшейту керек. Біз жауапсыз сатушылар мен алып-сатарларға бағаны негізсіз өсіру есебінен пайда табуға жол бермеуіміз қажет, - деді Үкімет басшысы.