Тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан полицейлер отбасына 5 жылдық қызметтік қаржы төленеді - Тұрғымбаев
Жақында қаңтарда террористер қолынан полиция мен Ұлттық ұланның 8 қызметкері қайтыс болды, 2911-і жарақат алды. Ерлікпен қаза болғандар 2-ші және 3-ші дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Олардың отбасына жан-жақты қолдау көрсетілуде. Одан бөлек, заң бойынша қызмет міндетін атқару барысында қайтыс болған қызметкердің отбасына 5 жылдық қызметтік қаржысы және жерлеу үшін 3 айлық өтемақы төленеді, - деді Ерлан Тұрғымбаев.