Саясат

Мемлекетке опасыздық жасады деп айыпталған саясаткер оралды

Оны қолдайтын саясаткерлер, журналистер мен белсенділер елдің бесінші президентін Киев әуежайында қарсы алғаны хабарланды.

Порошенко шекара бекетінде журналистерге берген сұхбатында оны елге жібермеуге тырысқандарын айтты.

Еске салайық, Порошенко мемлекетке опасыздық жасады және көмір контрабандасы бойынша лаңкестікті қаржыландырды деген күдікке ілінген болатын. Тергеу мәліметтері бойынша, экс-президент президенттік өкілеттікті пайдалана отырып, Оңтүстік Африкадан Украинаға көмір жеткізуді тоқтату туралы тапсырма берген.

Содан кейін ол Ресей өкілдерінің өтініші бойынша Донбасстың оккупацияланған аумақтарынан көмір жеткізу туралы келісім-шарттарға қол қоюды ұйымдастырған.

Киевтің Печерск аудандық соты Порошенкоға қатысты бұлтартпау шарасын сайлау үшін жиналыс белгіледі. Сот отырысы 17 қаңтарда басталады.

-->

Олар жеке басыңды анықтаймыз деп төлқұжатымды алып біраз уақыттан кейін берді. Порошенко екеніме күмәнданды, төлқұжатымды 15 минуттан аса уақыт тексеріп, елге кіруге рұқсат бермеу сценарийін әзірледі. Олар бізді қатты күтті, себебі бізден қатты қорқады және оппозицияға қысым көрсету үшін қауіпсіздік күштеріне заңсыз нұсқаулар береді, - деді Порошенко.