Саясат

Әлихан Смайылов Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасымен телефон арқылы сөйлесті

Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы А. Жапаров Ә. Смайыловты Қазақстан Республикасының Премьер-министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтап, ҚР-да тұрақтылықтың тезірек қалпына келуіне және елдің әлеуметтік-экономикалық даму міндеттерінің табысты шешілуіне тілектестігін білдірді. Тараптар стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.

Екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

-->

Қазақстан Үкіметі бауырлас Қырғыз Республикасымен стратегиялық серіктестікті тереңдету бағытын берік ұстанады, - деді Әлихан Смайылов.