Саясат

Елімізде болған бүліктің артында үлкен олигархиялық топтар тұруы мүмкін – Ерлан Саиров

- Ерлан Баяхметұлы, елімізде болып жатқан оқиғалардың салдарынан жақында Үкіметтің тарағаны бәрімізге мәлім. Бұл өз кезегінде қандай саяси өзгерістер алып келеді деп ойлайсыз?

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент отырысында Премьер-министрдің кандидатурасын ұсынды. Смайыловтың кандидатурасын Мәжіліс депутаттары бірауыздан қолдады. Содан кейін Президент жақын болашақтағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саясаты жөнінде нақты тапсырмалар берді. Бұл мәселе экономикадағы олигархиялық топтардың арынын тоқтату, 30 жыл ішінде біздің экономикамызға билікке жақындығын пайдаланып, өзінің экономикалық мүддесі үшін мемлекетке шығын келтіргендерді, сонымен бірге әлеуметтік әділеттілік саласына жаңа, дұрыс ұсыныстар енгізілді. Енді Үкіметтің ең негізгі міндеті – Президенттің тапсырмаларын бұлжытпай орындау.

- Қазақстанның батысынан басталған бейбіт шерудің Алматыда лаңкестік сипат алуы шынымен жоспарлы болған тәртіпсіздік пе?

- Барлығымыз жаңа жылдан кейінгі Қазақстандағы жағдайды көріп отырмыз. Басында митингілердің бәрі бейбіт болды. Халықтың қойған талабы дұрыс. Бұл - әлеуметтік әділеттілік талабы. Бірақ аяғында мұны еліміздің жаулары, сонымен бірге әр түрлі экстремистік, террористік топтар пайдаланып кетті. Әсіресе, Алматыда. Одан кейін, бір күнде бір сағатта бүкіл Қазақстан бойынша әкімшілік ғимараттарға, ішкі істер органдарына қарулы шабуылдар жасалды. Бұл – террористік актілер. Бұны ұйымдастырған нақты топтар бар. Егер де біз бұл терроршылардың іс-қимылына қарайтын болсақ, олар бірінші қай жерге бару керек, қандай ғимаратты жаулап алу керек деген секілді алгоритмдерінің бәрі бір-біріне өте ұқсас. Ең негізгісі – ұйымдасқаны көрініп тұр. Әрине, бұл -  жоспарлы болған нәрсе. Бұның артында үлкен олигархиялық топтар тұруы мүмкін. Сондықтан тергеу жан-жақты жүріп, ҰҚК ішіндегі, солармен байланысты олигархиялық топтар басшыларының іс-қимылдарына құқықтық тұрғыда баға беріп, әшкереленуі керек.

Фото: Павел Михеев / Reuters

- Жаппай тәртіпсіздік салдарынан бейбіт тұрғындардан бөлек, құқық қорғау органдарының көптеген азаматы қаза тапты. Бұл еліміздегі полицейлердің әлеуетінің төмендігінен бе, әлде содырлардың қасақана жоспарының салдары ма? 

- Қазақстан – негізінде территориялық тұрғыдан бөлініп кетудің алдында тұрды. Егер де 5 қаңтар күні түнде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Мен халқыммен біргемін! Қазақстаннан ешқайда кетпеймін. Ақордада боламын» деп мәлімдемегенде, Қазақстанның мемлекеттігінің жағдайы өте мүшкіл болатын еді. Сондықтан бұл жердегі мәселе біздің мемлекеттігімізде. Біз осыдан үлкен сабақ алуымыз керек. Құқық қорғау органдарының орны мен рөлін қайтадан қарауымыз қажет. Ең бірінші, мейлі бұл полиция немесе әскери қызметкер, ҰҚК қызметкерлері болсын, олардың бәрі - біздің қорғаушыларымыз. Олар мемлекеттіліктің ең маңызды элементі. Сондықтан құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің ар-ожданына тиіспеу, оларды сыйлау және әлеуметтік-экономикалық жағдайын жасау – мемлекеттің, әрбір азаматтың үлкен борышы.

- Еліміздің бірқатар қаласында Төтенше жағдай жарияланып, интернет бұғатталды. Кейбір зерттеулерге сенсек, интернеттің жоқтығы экономикамызға күніне шамамен 88 миллион доллар шығын әкеледі екен. Бұл жайында пікіріңіз қандай?

- Төтенше жағдай кезінде тек интернет қана емес, үлкен қаржылық-экономикалық залал келді. Ең бірінші, Қазақстанның инвестициялық климатына әсер етті. Бүгінде инвесторлар тарту өте қиын. Сондықтан дүниежүзі инвесторларын тарту үшін кәдімгі күрес жүріп жатыр. Ал соғыс болып жатқан елге қандай инвесторлар келеді? Екінші мәселе, осы бес күннің ішінде Қазақстанның экономикасына үлкен залал келді. Ұшақтар ұшпай, пойыздар жүрмей қалды. Экономикалық өмір тоқтап қалды. Шаруашылық субъектілері бір-біріне ақша аудара алмады. Нақты тікелей залал – қаншама ғимарат өртеніп кетті. Шағын және орта бизнеске келген шығын әлі есептеліп жатыр. Ал енді Қазақстанның нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайына келер болсақ, ол - миллиардтаған долларлық шығын. Сондықтан мұндай тәртіпсіздіктер біздің ата-анамыздың, бауырларымыздың, туыстарымыздың қалтасына тікелей әсер ететінін әрқашан есте ұстау қажет.

- Қазақстанда жылдар бойы терроризмге қарсы түрлі іс-қимылдар күн тәртібінен түскен жоқ. Алайда Алматы оқиғасында лаңкестерге төтеп беру қиынға соқты. Алда еліміздің қауіпсіздігіне алаңдау жөн бе?

- Ең негізгісі, біздің елге үлкен қастандық жасалды деп ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі айтқан болатын. Ол қастандық енді жан-жақты зерттеледі. Өздеріңіз көріп отырсыздар, Алматыда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ғимаратын сол жердің қызметкерлері ешқандай қарсылықсыз, өздері ашып, терроршыларға беріп, кетіп қалған. Бұл енді нағыз сатқындықтың түрі ғой. Сонымен қатар, мысалы, Алматының әуежайына лаңкестер келердің алдында үлкен ведомстволық күзет болған дейді. Бұл күзет олар келер алдында құқық қорғау органдарының бұйрығымен алынған дейді. Бұның барлығы, ең алдымен, салақтық. Екіншіден, мемлекеттің мүдделерін сатқандық болып есептеледі.

- ҰҚШҰ әскерінің Қазақстанға келуі еліміздің имиджіне кері әсер етті ме?

- Бұл ұжымдық күштер Қазақстанға енеді деген ақпараттың өзі біздегі содырларды, бұзақыларды біраз тәртіпке салды. Сондықтан, менің ойымша, осы ұжымдық күштердің Қазақстанға кіруі еліміздің тәуелсіздігін, территориялық тұтастығын сақтап қалу үшін ең негізгі әрі дұрыс қадам болды. Қазіргі таңда әрбір мемлекеттің күш-қуаты әскеріне байланысты. Президенттің өзі бұл салада үлкен проблема барын айтты. Біздің әскери құқық қорғау органдарының технологиялық талап-тілектері орындалып, еліміз осындай бұзақылардың немесе экстремистердің шабуылдарына жауап беруге әрдайым дайын болуы қажет. Сол себепті осы мәселелерді тікелей шешу керек. Бұл – болашаққа үлкен сабақ.

Нұрбибі Қабдыл

-->