Саясат

Содырлар Президент резиденциясын басып алмақ болған – Тоқаев


 

-->

Алматы мен 9 облыс орталығы бандиттердің қолына өтті. Біз контртеррористік режим жарияладық. Қазақстан ҰҚҰШ-ға жәрдем көрсету өтінішін жасады. Ол дер уақытында орын алды. Елордаға үш әскери-көлік ұшағының келгенін білген содырлар президенттік резиденцияны басып алу жоспарларынан бас тартты. Бұл бізге қосымша күшті Алматыға жіберуге және қаланы содырлардан қайтарып алуға мүмкіндік берді, - деді Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясында.