Саясат

Сенатор Дүйсенғазы Мусин қазақстандықтарды ел Президентін қолдауға шақырды

-->

«Ата-бабамыздың арманы болған, ғасырлар бойы армандаған, қолымыз жеткен Тәуелсіздікті қорғау бүгінгі қалыптасып отырған жағдайда өте маңызды. Қоғамның әр мүшесі, Қазақстанның әр патриоты, «мен қазақпын, мен қазақстандықпын»,- деген азаматтың бүгінгі борышы – осы еліміздегі тыныштықты сақтап қалу. Мемлекет басшысының тарапынан қабылданып жатқан шұғыл шаралар халықтың ойынан шығып, қазір күштік құрамдардың тарапынан, өңірлерде қабылданып жатқан шаралар еліміздегі жағдайды жалпы тұрақтандырды деп айта аламыз. Сондықтан барша отандастарымызға, барша қазақстандықтарға айтарымыз, осындай сын-сағаттарда бір ауызды болып, мемлекет басшысының қолға алып жатқан іс-шараларын қолдап, мемлекеттің Тәуелсіздігі үшін, ұрпақтарымыздың, бала-шағамыздың, немерелеріміздің болашағы үшін, еліміздің Тәуелсіздігі үшін аянбай жұмыс жасау керек деп ойлаймын, соған шақырамын», - делінген Сенаттың баспасөз қызметі ұсынған хабарламада.