Саясат

Берік Уәли блогосферадағы әртүрлі жазбаларға түсініктеме берді

 

-->

Мемлекет басшысының кейінгі шешімдері мен үндеулері бойынша блогосферада әртүрлі сипаттағы түсіндірмелер жариялануда. Осыған байланысты мынадай мәлімдеме жасау керек деп санаймын: Қасым-Жомарт Тоқаев - мемлекетіміздегі ең жоғары лауазымды тұлға және Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы. Сондықтан Мемлекет басшысы дербес шешім қабылдайды. Конституциялық құрылымға нұқсан келтіруді көздеген содырлардың Қазақстанға шабуыл жасаған қайғылы күндері де осылай болған. Қасым-Жомарт Кемелұлы отандастарымызға арналған өзінің үндеулерін кеңесшілердің көмегінсіз әдеттегідей өзі жазды, - деп түсіндірді Берік Уәли.