Президент шұғыл әрекет ету штабының отырысын өткізді
Отырыста Алматы қаласы мен өзге де өңірлердегі террорлық шабуылдардың салдарынан бүлінген әкімшілік ғимараттарын, әлеуметтік және коммуналдық нысандарды, инфрақұрылымдарды қалпына келтіру мәселелеріне баса мән берілді. Сонымен қатар ҰҚШҰ-ның біріккен бітімгерлік күштері бөлімшелерінің Нұр-Сұлтан қаласында қорғау функциясын атқаруы қазақстандық құқық қорғау органдары күштерінің бір бөлігін босатып, лаңкестікке қарсы іс-қимылдарға қатысу үшін Алматыға жіберуге мүмкіндік берді. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі тұрғындардың мүддесі үшін жағдайды тұрақтандыруға тартылған ведомстволардың жүйелі әрі жедел жұмыстарын қамтамасыз етуді тапсырды.