Президенттің мақаласы «The Parliament Magazine» басылымында жарияланды
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
-->Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Еуропалық Одақ кеңістігіндегі саяси оқиғалар туралы жазатын беделді «The Parliament Magazine» басылымы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласын жариялады. Онда Мемлекет басшысы Брюссельге ресми сапарына орайластырылған Қазақстан мен ЕО арасындағы стратегиялық әріптестіктің қазіргі жағдайы мен даму перспективалары туралы ой толғайды» делінген постта.