Дастан Дюшекеев: Қырғыз бен қазақ көздің ағы мен қарасы сияқты
– Қазақстанда демалыс өткізу сізге ұнай ма? 30 жылдағы тәуелсіз Қазақстанның даму жолына, өзгерістерге қандай баға берер едіңіз?
– Мен дипломатиялық миссиямды енді ғана бастадым. Қазір дем алуға көп уақыт жоқ. Демалыс күндері де үстемелеп жұмыс істеймін. Сондықтан Қазақстанда демалуға арнаулы уақыт шығара алған жоқпын. Екі рет Нұр-Сұлтандағы саябақтарды аралап шықтым. Сонда байқағаным, қала тұрығындарына, спортсүйер қауымға, велосипедшілерге өте қолайлы жағдай жасалған. Велосипед жолдары да өте тамаша. Демалыс күндері жұрттың бала-шағасымен сейіл-серуен құруына өте ыңғайлы.
Тарихи қысқа мерзім ішінде Қазақстан халқы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен жоспарлы экономикадан бастап нарықтық экономикаға өту, халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, құқықтық және демократиялық мемлекетті қалыптастыру, мемлекеттік егемендікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты одан әрі нығайту, мемлекеттік құрылысты тереңдету сияқты қызметтің барлық салаларында зор табыстарға жетті.
Қазақ елінің құлшынысы мен жетістіктерін талдай отырып, Қазақстан Республикасы стратегиялық тұрғыдан дұрыс жолды таңдаған деп нық сеніммен айта аламын. Тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстан әлемдік аренада стратегиялық маңызды елге және Орталық Азия өңіріндегі бірегей көшбасшыға айналды. Экономикасы дамыған 30 елдің қатарына қосылуға барлық күш-жігерін жұмсады.
Қазақстан көпжақты және бейбітшілікті сүйетін сыртқы саясат ұстанып, әлемнің 183 елімен дипломатиялық қатынас орнатты. Саяси, экономикалық, әлеуметтік, ғылым-техникалық және мәдени салалардағы бірыңғай мақсаттарға қол жеткізу үшін халықаралық қауымдастық құрған негізгі үкіметаралық ұйымдардарға мүше болды және БҰҰ, ЕҚЫҰ, ДСҰ, ИЫҰ (Ислам ынтымақтастығы ұйымы), ТМД, ШЫҰ, ЕАЭО, ҰҚШҰ-мен ынтымақтастықты тереңдетті.
Қазақстанда спортқа көп көңіл бөлінеді. 28 жыл ішінде қазақстандық спортшылар 60-тан астам олимпиада жүлдесін жеңіп алды. Инвестиция тарту жағында соңғы 30 жылда Қазақстанға 300 миллиард доллардан астам шетелдік инвестиция тартылды. Қосымша 1 250 жаңа жұмыс орны, 300 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Мұнан сырт, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік саладағы жетістіктердің бірі халыққа жеңілдетіліген шарттармен несие беру арқылы тұрғын үй мәселесін шешуге күш салды. Бұл да – үлкен жетістік.
– Сіздің ойыңызша, екі елдің қарым-қатынасы қандай деңгейге көтерілді? Алдағы уақытта қандай салалардағы ынтымақтастықты дамыту, басымдық беру қажет деп санайсыз?
– Екі бауырлас мемлекет арасындағы дипломатиялық қатынас 1992 жылы 15 қазанда орнады. Сонымен қатар, екі ел арасындағы туысқандық қарым-қатынастар ұзақ уақыт бойы сақталып келе жатқанын атап өткім келеді. «Төсекте басы, төскейде малы қосылған» қырғыз бен қазақ ежелден тонның ішкі бауындай тату-тәтті ғұмыр кешіп келеді. Міне, осы қатынастар қазіргі кезеңдегі екіжақты ынтымақтастықты дамытудың негізгі факторы болып табылады және біздің халқымыздың арасындағы тарихи тағдырлардың ортақтығын дәлелдейді.
Тәуелсіздік жылдарында екіжақты қатынастардың берік іргетасы қаланды. Бүгінде екі ел арасында ешқандай аумақтық шағымдар мен саяси қайшылықтар жоқ. Бүгінгі таңда 180-нен астам мемлекетаралық, үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттарға қол қойылды. Сонымен қатар, қырғыз-қазақ ынтымақтастығының тұрақты дамуының жалпы стратегиялық, тұжырымдамалық тәсілдері мен бағыттарын айқындайтын «мәңгілік достық пен одақтастық қатынастар туралы шарты» жасалды.
Биылғы басты оқиға Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың Қазақстан Республикасына алғашқы мемлекеттік сапары болды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға 10 мың тонна ұн гуманитарлық көмек жіберуді ұйғарды. Осы жылдың шілде айында Қазақстан Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігіне гуманитарлық көмек ретінде «QazVac» вакцинасының 25 мың дозасын бергенін айырықша атап өткім келеді. Осындай көмек көрсеткені үшін Қазақстан халқына және Мемлекет басшысына зор алғысымды білдіремін.
Екі ел үкіметаралық деңгейде трансшекаралық ынтымақтастық әлеуетін ашу үшін тұңғыш кезекті «қырғыз-қазақ өңіраралық форумын» өткізу туралы уағдаластыққа келісті. Бұл тұрғыда өңіраралық ынтымақтастық екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтудің маңызды факторына айналып отырғанын, жергілікті өзін-өзі басқару деңгейіндегі байланысты нығайтып отырғанын атап өткен жөн. Қазіргі таңда Қырғызстан мен Қазақстанның төрт облысы – Ыстықкөл мен Алматы, Ош пен Қарағанды, Жамбыл мен Талас, Шу және Оңтүстік Қазақстан облыстары, сондай-ақ екі елдің астаналары мен қалалары, атап айтқанда, Бішкек пен Нұр-Сұлтан, Ош және Тараз – өзара барыс-келіс орнатып, бауырластық қарым-қатынастар туралы келісімдерге қол қойды. Екі елдің басқа аймақтарымен де осындай ынтымақтастық механизмі құрылады деп күтілуде.
Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық арқылы түрлі мәдени, ғылыми және спорттық іс-шаралар тұрақты өткізіліп, екі елдің жастары мен оқу орындары арасында тығыз байланыс орнатылуда. 2018 жылы Қазақстанда Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығына арналған іс-шара, 2019 жылы Қазақстанда «Манас» эпосына арналған семинар және «Манас – Ұлы даланың мәңгілік мұрасы» атты форумдар өткізіліп, шара барысында С.Раев, Шыңғыс Айтматовтың «Балалық шақ», «Қазіргі қырғыз поэзиясы», сондай-ақ М.Мергенбаевтың латын тілінде жазылған «Манас» эпопеясы қазақстандық оқырмандарға тарту ретінде таратылды.
COVID-19 пандемиясына қарамастан, елдеріміз арасындағы мәдени және гуманитарлық өзара іс-қимыл 2020 жылы да өз жалғасын тапты. Бір ғана мысал, «Манас» эпосының қазақ тіліндегі «Манас – қырғыз халқының эпосы» деп аталатын кітабы. Қазақстандағы жалғыз манасшы Б.Әлімжанов қырғыз халық өнерінің інжу-маржандарын дамытуға және таратуға қосқан зор үлесі үшін «Достық» орденімен марапатталды, оны Қырғыз Республикасының Президенті С.Жапаров табыс етті.
Алдағы күндерге жоспарланған шаралардың қатарында Қырғызстанның Қазақстандағы мәдени күндері де бар. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтанда Шыңғыс Айтматов пен Манастың және Бішкекте А.Құнанбаевтың ескерткіштерін орнату, сондай-ақ қырғыз студенттерінің Қазақстанның бюджеттік университетінде оқуына жыл сайынғы квотаны ұлғайту мәселесі де қаралып жатыр.
– Қазақстанда қай уақыттан бері тұрасыз? Елімізге алғаш келген кездегі әсеріңіз қандай болды?
– 5 қыркүйектен бері Қазақстанның Нұр-Сұлтан қаласында тұрамын. Мен Қазақстанға алғаш рет 2010 жылы келдім. Мен екінші ЖОО-да оқып жүрген кезімде Алматы арқылы Мәскеуге ұшатынмын. Менің Қазақстанда достарым бар, соларға бардым. Өскемен қаласына да бардым, маған қаланың сұлулығы мен табиғаты қатты ұнады. Павлодарда болдым, Ертіс өзеніне демалуға барған күндерім болды. Семейде, Алматыда, Түркістанда, Таразда көп болдым. Маған қазақ жері, халқы қатты ұнайды. Мен үшін қазақ халқы – жаны жақын бір туған ел.
– Өз еліңізді және Қазақстанды бір ауыз пікірмен, сөзбен қалай сипаттар едіңіз?
– Бір ауыз сөзбен айтсақ, қырғыз бен қазақ көздің ағы мен қарасы сияқты. Ең бастысы, біздің дініміз, тіліміз, дәстүріміз біртұтас, бұл – біздің мызғымас іргетасымыз.
Сұхбаттасқан Қалиакбар Үсемханұлы
-->– Қазақстанда демалыс өткізу сізге ұнай ма? 30 жылдағы тәуелсіз Қазақстанның даму жолына, өзгерістерге қандай баға берер едіңіз?