Елбасы Абу-Дабидің тақ мұрагерімен кездесті
Нұрсұлтан Назарбаев пен Абу-Дабидің тақ мұрагері Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы дәстүрлі достық қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанына жоғары баға берді.
Осы орайда Қазақстан премьер-министрі А.Маминнің Абу-Даби қаласына барған сапарының қорытындысы атап өтілді. Бұл сапарда Қазақстан экономикасының басым салаларында жалпы инвестиция көлемі 6 миллиард доллардан асатын жобаларды дамыту үшін ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік орнату туралы үкіметаралық құжатқа қол қойылған болатын.
Елбасы Біріккен Араб Әмірліктерінің халқын елдің құрылғанына 50 жыл толған мерейлі тойымен шын жүректен құттықтап, аз ғана тарихи кезеңде әр салада биік жетістіктерге қол жеткізгенін айрықша атап өтті.
Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянға «Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығын» тапсырды. Ол Тақ мұрагеріне бейбітшілікті, өңірлік тұрақтылық пен орнықты экономикалық дамуды қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін берілді.
Өз кезегінде Мұхаммед бен Заид Әл Наһаян Елбасыға және Н.Назарбаев сыйлығын беру жөніндегі комитет мүшелеріне өзінің қызметін жоғары бағалағаны үшін ризашылығын білдірді.
Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасында қарым-қатынас орнату мен нығайтуға қосқан зор рөлі мен еңбегін атап өткен Абу-Дабидің тақ мұрагері бауырлас мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық алдағы уақытта тереңдей түсетініне сенім білдірді.
Сондай-ақ әңгіме барысында тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге қатысты өзара пікір алысты.
-->Нұрсұлтан Назарбаев пен Абу-Дабидің тақ мұрагері Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы дәстүрлі достық қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанына жоғары баға берді.