Елбасы қалыптастырған қазақ дипломатиясы елімізді әлемге әйгіледі
Жалпы, Кеңес одағы ыдыраған кезде оның құрамындағы 15 мемлекет те абдырап қалған еді. Оған дейін 350 миллионға жуық халық атынан сыртқы саясатты Мәскеу жүргізіп келсе, енді әр мемлекет дербес дипломатиясын қалыптастыруы тиіс болды. Сол сәтте біздің жырақта жүрген академиялық білімі бар санаулы дипломаттар елге қайта шақырылды.
Еске сала кетсек, 1992 жылы 2 шілдеде Президент Жарлығы бекітілісімен Сыртқы істер министрлігіне Қазақстанның атқарушы органы ретінде шет мемлекеттер және халықаралық ұйымдармен байланыс орнату құқығы берілді. Қазақ елінің дербес сыртқы саясаты сол күннен бастау алып, ең алғаш дипломатын АҚШ тіркеді. Ал тұңғыш сенім грамотасын Қазақстанға түрік дипломаты табыстады. Содан кейін бұл салтанатты рәсімді Ресей мен Қытай жалғастырды.
Сондай-ақ еліміздің Израильдегі және Италиядағы алғашқы елшісі Бірғаным Әйтімова әп дегенде дайын тұрған дипломаттар да бола қоймағанын айтты.
Қорыта айтқанда, осылайша тәуелсіздік алған бір жылдан кейін Қазақстанда қатар-қатар 15 елшілік ашылған еді.
-->Жалпы, Кеңес одағы ыдыраған кезде оның құрамындағы 15 мемлекет те абдырап қалған еді. Оған дейін 350 миллионға жуық халық атынан сыртқы саясатты Мәскеу жүргізіп келсе, енді әр мемлекет дербес дипломатиясын қалыптастыруы тиіс болды. Сол сәтте біздің жырақта жүрген академиялық білімі бар санаулы дипломаттар елге қайта шақырылды.
«Ираннан Мәскеу арқылы үш күнде ұшып келдім. Ол кезде Қазақстанға тікелей ұшатын ұшақтар жоқ болатын. Келген соң Елбасымен, премьер-министрмен кездестім. Олар «Сізді Сыртқы істер министрі етіп тағайындап отырмыз» деді. Министрлікте сол кезде еден жуушы, шаруашылық меңгерушісі, шопыр бәрін қосқанда 8-12 адам ғана болды. Дипломаттар бірен-саран... Енді экономика жағынан проблемалар көп болды. Зауыт-фабрикалар істемейді, ақша жоқ, қазынамызда 8 келі ғана күміс болатын. Алтын, доллар деген жоқ ол кезде», - дейді Қазақстанның алғашқы Сыртқы істер министрі, ардагер дипломат Төлеутай Сүлейменов.
Еске сала кетсек, 1992 жылы 2 шілдеде Президент Жарлығы бекітілісімен Сыртқы істер министрлігіне Қазақстанның атқарушы органы ретінде шет мемлекеттер және халықаралық ұйымдармен байланыс орнату құқығы берілді. Қазақ елінің дербес сыртқы саясаты сол күннен бастау алып, ең алғаш дипломатын АҚШ тіркеді. Ал тұңғыш сенім грамотасын Қазақстанға түрік дипломаты табыстады. Содан кейін бұл салтанатты рәсімді Ресей мен Қытай жалғастырды.
«Елбасымыз «сені Германияға жібереміз» деді. Өйткені ондағы экономикалық жағдай, реформасы барлығы бізге келеді. Біз жаңа құрылып жатқан мемлекетпіз. Сондықтан олардың барлық экономикалық реформасын жан-жақты анықтап біліп келу маған жүктелді», - деп еске алды сол сәтті Қазақстанның Германия мен Австриядағы алғашқы елшісі Сағынбек Тұрсынов.
Сондай-ақ еліміздің Израильдегі және Италиядағы алғашқы елшісі Бірғаным Әйтімова әп дегенде дайын тұрған дипломаттар да бола қоймағанын айтты.
«Сондықтан да сыртқы саясатты бастап, Қазақстан туралы кім айта алады деген үлкен сұрақ тұрды. Мен сенатор болып жүргенде Президент шақырып, «Бірғаным, мен сені Израильдегі елшілікке ұсынғым келіп отыр, қалай қарайсың?» деді. Сол кезде мен «Ой, жақсы қараймын! Рахмет. Мен үшін ол карьерамдағы жаңа белес болар еді» деп келісімімді бердім», - дейді ол.
Қорыта айтқанда, осылайша тәуелсіздік алған бір жылдан кейін Қазақстанда қатар-қатар 15 елшілік ашылған еді.