Депутат журналистер мен блогерлерге сот процестерін жазуға тыйым салдырмақ
Негізінен мұндай түзету Мәжілісте талқыланып жатқан сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасында бар. «Ешкімнің әлеуметтік желілер мен БАҚ-та сот өндірісінде жатқан және заңды күшіне енбеген істер туралы ақпарат таратуға құқығы жоқ» деп жазылған онда. Бұл ережеге бағынбағандар жауапқа тартылуы мүмкін. Бастама авторы Нұрлыбек Ожаевтың түсіндіруінше, тараптардың бірі қоғамда теріс пікір қалыптастырып, сотқа қысым жасау үшін бұрыс ақпаратты таратуы мүмкін. Аталған түзету соның алдын алатын көрінеді.
Алайда түзетуді жұмыс тобы кері қайтарған. Сонда да депутат оны басқаша өзгертіп, қайта ұсынатынын айтып отыр.
Бұған дейін заң жобасын талқылауға қатысқан адвокат Гүлнар Сүлейменова аталған даулы түзету туралы жазған. Ол талқылау кезінде өз пікірін айтуға мүмкіндік берілмеген соң, ойын әлеуметтік желіге жариялаған.
Журналистер мен блогерлер талқылауға шақырылмаған. Ал журналистердің құқығын қорғау ұйымдары аталған түзетуді сынап, «әлдекімдерге соттың ашықтығы ұнамайды, сот залдарынан репортаждың көп болғанын қаламайды» деп мәлімдеген болатын.
-->Негізінен мұндай түзету Мәжілісте талқыланып жатқан сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасында бар. «Ешкімнің әлеуметтік желілер мен БАҚ-та сот өндірісінде жатқан және заңды күшіне енбеген істер туралы ақпарат таратуға құқығы жоқ» деп жазылған онда. Бұл ережеге бағынбағандар жауапқа тартылуы мүмкін. Бастама авторы Нұрлыбек Ожаевтың түсіндіруінше, тараптардың бірі қоғамда теріс пікір қалыптастырып, сотқа қысым жасау үшін бұрыс ақпаратты таратуы мүмкін. Аталған түзету соның алдын алатын көрінеді.
Алайда түзетуді жұмыс тобы кері қайтарған. Сонда да депутат оны басқаша өзгертіп, қайта ұсынатынын айтып отыр.
«Ұсынысты қайтып алдым. Басқаша өзгертіп, жұмыс тобының алдағы отырыстарында қайта ұсынамын. Әлі талқылаймыз. Журналистерге ешқандай өкпе-реніш жоқ, олар сот процестерінің ашықтығын қамтамасыз етеді. Бізде БАҚ туралы заң, Конституция бар, бәрі реттеледі. Менің айтайын дегенім, қазір кез келген азамат заңгер болмаса да, сот процестерінің байыбына бармай жатып, әлеуметтік желілерде талқылайды, өзінше баға береді. Әлеуметтік желілерде беделді адамдар жазады, содан кейін қоғамда негатив туындайды», - деді ол.
Бұған дейін заң жобасын талқылауға қатысқан адвокат Гүлнар Сүлейменова аталған даулы түзету туралы жазған. Ол талқылау кезінде өз пікірін айтуға мүмкіндік берілмеген соң, ойын әлеуметтік желіге жариялаған.
«Ақпарат құралдарында сот процестері туралы материалдарды жариялауға тыйым салу – дискриминация, Конституцияға да қайшы. Сонымен бірге бұл сот жүйесіне қоғамдық бақылау орнату сияқты (соттың тәуелсіздігіне нұқсан келтірмейді, оның қызметіне кедергі жасамайды да) маңызды нәрсеге тыйым салады», - деген еді адвокат.