Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының пленарлық отырысында сөз сөйледі
Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде кейбір елдерде жасалып жатқан ядролық бағдарламалардың қарқын алуын үнемі төнетін террорлық қауіп-қатермен байланыстырып, ақырзаман орнататын қарулардың қолданылу қаупі арта түскенін атап өтті. Қазақстан Президенті дегенмен бұл бағытта белгілі бір деңгейде оң қадамдар жасалып жатқанына тоқталды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Семей ядролық полигонын жабу туралы шешім қабылдап, ядролық қуаты жағынан төртінші саналатын арсеналынан бас тартқанына биыл 30 жыл толғанын еске салып өтті.
Мемлекет басшысы Ядролық қаруды таратпау жөніндегі шарт ядролық энергияны азаматтық мақсатқа заңды түрді пайдалану мен ядролық қаруды таратудың ара-жігін ажырататынын айтты. Президенттің айтуынша, ядролық қуат бірте-бірте төмен көміртекті энергияның маңызды көзіне айналуда. Қазақстанда өз атом өнеркәсібін дамыту үшін кешенді техникалық-экономикалық негіздеме жасалып жатыр.
-->Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде кейбір елдерде жасалып жатқан ядролық бағдарламалардың қарқын алуын үнемі төнетін террорлық қауіп-қатермен байланыстырып, ақырзаман орнататын қарулардың қолданылу қаупі арта түскенін атап өтті. Қазақстан Президенті дегенмен бұл бағытта белгілі бір деңгейде оң қадамдар жасалып жатқанына тоқталды.
– Ядролық қаруға тыйым салу туралы шарт күшіне енді, Иранмен арадағы ядролық қаруға қатысты мәмілені қалыпқа келтіру жөніндегі келіссөздер қайта қаралуда, шабуылдауға арналған қаруларды азайту жөніндегі жаңа шарт ұзартылды, АҚШ пен Ресей арасында стратегиялық тұрақтылық туралы бірлескен мәлімдеме қабылданды. Әрине, өзара жоюға кепілдік беретін доктрина ядролық державалардың жуық арада өз арсеналынан бас тартуы екіталай екенін білдіреді. Сондықтан 2045 жылға дейін ядролық қарудан азат, бейбіт өмір қалыптастыруға ұмтылатынымыз туралы мәлімдей отырып, көңілдегіні нақты іске асыратынымызға скептиктер күмәнмен қарауы мүмкін. Біздің тарихи тәжірибеміз мұның басқаша болатынын көрсетеді, – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Семей ядролық полигонын жабу туралы шешім қабылдап, ядролық қуаты жағынан төртінші саналатын арсеналынан бас тартқанына биыл 30 жыл толғанын еске салып өтті.
– Он бес жылдан кейін Орталық Азия мемлекеттері өз өңірлерін ядролық қарудан азат аймақ деп жариялады. Бұл – толықтай Солтүстік жарты шарда орналасқан алғашқы ядросыз өңір. Ядролық қару саяси таңдау болғандықтан жағдай мен стратегиялық әдістер тез өзгеруі мүмкін. Қазақстанның Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарттың тезірек күшіне енуіне қол жеткізуге бел байлағанын тағы да нақтылаймын. Қазақстан адамзаттың дамуы жолында ядролық қарудан бас тарту жөніндегі басымдығын одан әрі пайдалана беретінін бұл бағыттағы оң қадам ретінде атап өткім келеді, – деді Президент.
Мемлекет басшысы Ядролық қаруды таратпау жөніндегі шарт ядролық энергияны азаматтық мақсатқа заңды түрді пайдалану мен ядролық қаруды таратудың ара-жігін ажырататынын айтты. Президенттің айтуынша, ядролық қуат бірте-бірте төмен көміртекті энергияның маңызды көзіне айналуда. Қазақстанда өз атом өнеркәсібін дамыту үшін кешенді техникалық-экономикалық негіздеме жасалып жатыр.
– Ядролық қарудан азат, бейбіт өмір қалыптастыру менің үкіметімнің саясатындағы басымдық болып қала береді. Бұл ұмтылыс соңғы отыз жыл ішінде Қазақстанды ядролық қаруға қарсы жаһандық қозғалыстың жақтаушысы етті. Сонымен қатар біздің ұлттық тұтастығымыздың бір бөлігіне айналды. Біз қарусыздану және ядролық қаруды таратпау жолындағы күш-жігерімізді алдағы уақытта сіздермен бірлесе жұмсауға дайынбыз, – деп мәлімдеді Қасым-Жомарт Тоқаев.