Қазақстан Ауғанстанға көмек көрсетуге әзір
Еске сала кетсек, Түркі кеңесінің кезектен тыс отырысына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері қатысып, қауіпсіздік және Ауғанстанға қатысты іс-қимылдарды үйлестіру мәселелері бойынша пікір алмасты. Осы орайда ҚР сыртқы істер министрі еліміздің Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруға, гуманитарлық салаға және БҰҰ-ның орталық үйлестіру бағытына өз үлесін қоса беретінін жеткізді.
Сондай-ақ тараптар терроризм, қару-жарақ пен есірткі айналымы, заңсыз көші-қонға қатысты мониторинг жүргізу қажеттігін де атап өтті. Жиын соңында бірлескен мәлімдеме қабылданды.
-->Еске сала кетсек, Түркі кеңесінің кезектен тыс отырысына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері қатысып, қауіпсіздік және Ауғанстанға қатысты іс-қимылдарды үйлестіру мәселелері бойынша пікір алмасты. Осы орайда ҚР сыртқы істер министрі еліміздің Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруға, гуманитарлық салаға және БҰҰ-ның орталық үйлестіру бағытына өз үлесін қоса беретінін жеткізді.
Сондай-ақ тараптар терроризм, қару-жарақ пен есірткі айналымы, заңсыз көші-қонға қатысты мониторинг жүргізу қажеттігін де атап өтті. Жиын соңында бірлескен мәлімдеме қабылданды.