1 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп хабарлады Elorda.info.
-->
Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2023 жылғы 1 қыркүйекте сағат 11.00-де Астана қаласында шақырылсын, – деп жазылған Өкім мәтінінде.