ҚХА - 30

Президент бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады

ҚХА-ның 30 жылдық мерейтойы аясында Президент Жарлығымен халықтар арасындағы бейбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сiңiрген еңбегi үшiн бір топ азамат мемлекеттік наградамен марапатталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Халықтар арасындағы бейбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сiңiрген еңбегi үшiн наградталсын:

«Парасат» орденімен

Кист Виктор Эдуардович – Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагері, «Возрождение» Қазақстан немістері бірлестігі» ҚБ төралқасының мүшесі;

Кузиев Закиржан Пирмухамедович – Парламент Сенатының депутаты;

Мақсилова Бақытжамал Шаханқызы – Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагері, Павлодар облысының Аналар кеңесінің төрағасы;

Пуссеп Геннадий Николаевич – Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагері.

ІІ дәрежелі «Достық» орденімен

Оборон-Туар Малгожата – Қазақстан халқы Ассамблеясының достық елшісі;

Папп Александр Адальбертович – Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагері;

Презент Григорий Михайлович – Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагері.

«Ел бірлігі» орденімен

Алиев Долкунтай Абдулхалилулы – «Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдени орталығы» ҚБ төрағасы;

Келигов Юсуп Хасанович – Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагері, «Вайнах» Қазақстан шешендері мен ингуштары қауымдастығы» ЗТБ тең төрағасы;

Киколенко Ольга Андреевна – Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагері, «Возрождение» Қазақстан немістері бірлестігі» ҚБ мүшесі;

Ташпулатов Бекпулат – Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагері;

Хочиева Людмила Хисаевна – Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагері, карачай-балкар ұлттық-мәдени орталығының төрағасы;

Шанаи Нәзипа Ыдырысқызы – Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагері, Республикалық Аналар кеңесінің төрағасы;

Шин Бронислав Сергеевич – Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагері, Қазақстан кәрістері қауымдастығының вице-президенті.

«Құрмет» орденімен

Ахмедов Байрамалы Агабекович – «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» РҚБ мүшесі;

Вартересян Эрнест Вардович – «Масис» Қазақстан армяндары бірлестігі» РҚБ төрағасы;

Дедерер Александр Фёдорович – Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагері, «Возрождение» Қазақстан немістері бірлестігі» ҚБ төрағасы;

Жақып Қалқаман Хасенұлы – Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагері, Қостанай облысының Ақсақалдар кеңесінің төрағасы;

Түспекова Құралай Айтқабылқызы – Қазақстан халқы Ассамблеясының шығармашылық ұжымдары қауымдастығының төрағасы;

Цеховой Алексей Филиппович – Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагері, Халықаралық ақпараттандыру академиясының бас директоры;

Шек Юрий Анатольевич – Ақтөбе облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары

«Шапағат» медалімен

Алибаев Раимжан Артикбаевич – «Жанубий Қозоғистон» газетінің бас редакторы;

Джинлир Гащим Мухамедович – Жамбыл облысының «Вынхуа» дүнген мәдени орталығы» ҚБ мүшесі;

Доценко Ольга Александровна – Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі;

Марабаева Әнел Темірланқызы – «Бірлік» ансамблінің көркемдік жетекшісі;

Маштаков Дмитрий Сергеевич – Астана қаласы әкімдігінің «М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры» МКҚК актері;

Нұғұманова Анастасия Юрьевна – «Сөйле» қазақ тілін оқыту бойынша клубының негізін қалаушы;

Смаилов Рамиль Русланович – Павлодар облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары;

Спирина Ольга Сергеевна – «Speaking Club» қазақ тілі клубының негізін қалаушы;

Суворов Дмитрий Александрович – Ресей дипломаты, қазақ мәдениетін насихаттаушы;

Тен Владислав Валерьевич – «Lingva Ten» тіл орталығының негізін қалаушы;

Хван Сергей Валериевич – қазақ және ағылшын тілдері бойынша онлайн-мектептің негізін қалаушы;

Цой Светлана Владимировна – модельер, «DaraLace» шығармашылық үйінің негізін қалаушы;

Юнусов Равиль Александрович – «Ассамблея жастары» РҚБ Шығыс Қазақстан облысы бойынша өкілдігінің басшысы.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Президенті                  Қ.Тоқаев