ҚХА - 30

Еңбекқорлық – ел дамуының негізі – Жарқынбек Амантайұлы

Мәжіліс депутаты Жарқынбек Амантайұлы Ассамблеясының кезекті сессиясында  айтылған қоғамда еңбек пен кәсіпқойлық құндылықтарын дәріптеудің маңыздылығына көңіл бөлу қажеттігі туралы өз пікірін білдірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Еңбекқорлық – әрбір азаматтың ғана емес, бүкіл ел дамуының негізгі қозғаушы күші. Әрбір адамның өз ісіне адал болып, маңдай терімен еңбек етуі қоғам әл-ауқатын арттыруға, экономика өркендеуіне және ел қуатына тікелей ықпал етеді. Еңбекқорлық – тек қаржылай табыс табу ғана емес, сонымен қатар адамның өзін-өзі дамытуының, қоғамға пайдалы болуының және өмірден мән табуының маңызды құралы. Бүгінгі Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясында осы мәселелер талқыланып, қоғамда еңбек пен кәсіпқойлық құндылықтарын дәріптеудің маңыздылығына көңіл бөлу қажеттігі айтылды», - деді депутат.

Депутат Ассамблея тек ұлтаралық татулықты ғана емес, сонымен бірге еңбекқорлықты ұлықтауға да үлес қосуы тиіс екенін айтты.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осыған назар аударды. Осыған байланысты, Ассамблея «Жұмысшы мамандықтары» жылын өткізуге белсенді атсалысып, Еңбек күнін мерекелеу аясында Парламент және мәслихат депутаттарымен бірлесіп, еліміздегі ірі өндіріс орындарында еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетудің жаңа дәстүрінің бастауын салуы қажет. Бұл шараның мақсаты – еңбек адамдарына деген құрметті арттыру және жастардың жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылығын ояту. Сессия барысында ҚХА-ның еңбек құндылықтарын насихаттаудағы рөліне ерекше мән берілді», - деді Парламент Мәжілісінің депутаты Жарқынбек Амантайұлы.