Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 20-21 қазан күндері Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіледі. Сонымен қатар президенттер Жоғары мемлекетаралық кеңеске және Қазақстан-Әзербайжан бизнес форумына қатысады.