Президент

Тоқаев Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің жаңа қолбасшысын тағайындады

Қазақстан Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің жаңа қолбасшысы тағайындалды, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

«Мемлекет басшысының өкімімен Асқар Ғадылшаұлы Ізбасов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.

Бұл қызметті атқарған Руслан Зарлықұлы Қоңыров мемлекет басшысының өкімімен лауазымынан босатылды.