Президент

Тоқаев Франция Республикасына мемлекеттік сапармен келді

Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Республикасына мемлекеттік сапармен келді. Бұл туралы Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Париж әуежайында Қазақстан Президентін Францияның Сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро қарсы алды.

Ертең Елисей сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франция Президенті Эмманюэль Макрон келіссөз жүргізеді.