Президент Габаладағы Конгресс-орталыққа барды
Президент Түркі мемлекеттері ұйымының ХІІ саммитіне қатысу үшін Габаладағы Конгресс-орталыққа барды, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаевты Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев қарсы алды.
Президент Түркі мемлекеттері ұйымының ХІІ саммитіне қатысушылармен бірге суретке түсті.