Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
«Ақорда» резиденциясының алдындағы алаңда Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Республика күніне және Қазақстанның Егемендік туралы декларациясының қабылданғанына 35 жыл толуына орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz. Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Құрмет қарауылының бастығы Президентке рапорт берді. Содан кейін еліміздің Мемлекеттік туы көтеріліп, әнұраны орындалды.
Мемлекеттік ту көтеру рәсімі барлық өңірде жалғасады.






