Президент

Президент өкімімен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды, деп хабарлады Elordainfo.kz. 

Мемлекет басшысының өкімімен Марат Ғатаұллаұлы Ирменов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Осыған дейін бұл қызметті атқарған Қанатай Жорабекұлы Далматов орнынан босатылды.