Президент

Президент Иордания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев II Абдалла бен әл-Хусейн мен оның отандастарын Иордан Хашимит Корольдігінің төл мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатында Қазақстан мен Иордания арасындағы сындарлы ынтымақтастықтың жыл өткен сайын нығайып келе жатқанына тоқталып, Королдің екіжақты қарым-қатынасты жан-жақты дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын жеткізген. 

Қасым-Жомарт Тоқаев II Абдалла бен әл-Хусейннің жауапты қызметіне толайым табыс, ал Иордания халқына бақ-береке тіледі.