Президент

Қасым-Жомарт Тоқаев шахматтан әйелдер құрамасын құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шахматтан әйелдер құрамасын құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2024 жылғы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында күміс медаль жеңіп алған Қазақстанның әйелдер құрамасын құттықтаймын. Бұл – қазақ шахмат мектебі мен шахматшы қыздарымыздың тамаша жетістігі. Спортшыларымыз биік белестерді бағындыра берсін!», – деп жазды Мемлекет басшысы өзінің Х әлеуметтік парақшасында.