Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Мемлекетіне жұмыс сапарымен келді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Мемлекетіне жұмыс сапарымен келді, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Доха форумының панельдік сессиясына қатысады. Сондай-ақ Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен және бірқатар компания басшыларымен кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.