Президент ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша заңға қол қойды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпаратқа қол жеткізу, қоғамдық қатысу, мемлекеттік наградалар және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - делінген хабарламада.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.