Президент

«Қорқыт ата» әуежайының өткізу қабілеті жылына 500 мың жолаушыға дейін ұлғайды

Қызылорда қаласындағы «Қорқыт ата» әуежайының өткізу қабілеті жылына 300 мыңнан 500 мың жолаушыға дейін ұлғайды, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нысан Халықаралық азаматтық авиация комитеті (ICAO) мен Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) жоғары стандарттарына сәйкес келеді.

«Қорқыт ата» әуежайынан Air Astana, FlyArystan және Qazaq Air әуе компаниялары аптасына 29 рейс орындайды. Қазіргі кезде терминал жанынан «Қазаэронавигация» РМК жаңа диспетчерлік мұнара мен әкімшілік-техникалық ғимараттың құрылысын жүргізіп жатыр.

«Жобаның іске асуы Сыр өңірінің көлік инфрақұрылымын дамытып қана қоймай, туристік әлеуеті мен инвестициялық тартымдылығын да арттыруға оң септігін тигізеді», - делінген хабарламада.