Президент

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтағы білім беру, мәдениет және спорт нысандарын аралап көреді. Сондай-ақ бірқатар кәсіпорынға барып, өңірде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалармен танысады», - делінген хабарламада.