Президент

Мемлекет басшысы Лаос Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Лаос Халық Демократиялық Республикасының Президенті Тхонглун Сисулитті және оның отандастарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Лаос елінің мемлекет іргесін нығайту және халықтың әл-ауқатын жақсарту жолында елеулі жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтті.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті бірлескен күш-жігердің арқасында екіжақты қарым-қатынастар алдағы уақытта да дами беретініне сенім білдірді.