Мемлекет басшысы Digital Aqmola орталығында болды
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Digital Aqmola орталығында Ақмола облысын цифрлық жаңғырту жоспары баяндалды, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Президент «103», «109», «112» жедел қызметтерін ортақ платформаға топтастырған І-Komek бірыңғай байланыс орталығының жұмысымен танысты.
Digital Aqmola жобасы көлік, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, қауіпсіздік, экология және денсаулық сақтау сияқты негізгі салаларға орталықтандырылған мониторинг жүргізеді.