«Лукойл» компаниясының Қазақстанда жұмыс істейтін бірқатар қызметкері мемлекеттік наградаға ие болды
Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның энергетикалық әлеуетін дамытуға қосқан зор үлесі үшін белгілі кәсіпкер және қоғам қайраткері Вагит Алекперовті І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.
Сондай-ақ «Лукойл» компаниясының Қазақстанда жұмыс істейтін бірқатар қызметкері мемлекеттік наградаға ие болды.