Президент

Президент: «Көкшетаудың балмұздағын сатып аламыз»

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысында шығарылатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесін аралап көрді.

Мұнда жартылай фабрикаттар, консервілер, ет, сүт және нан өнімдері қойылған.

«Көкшетаудың балмұздағын сатып аламыз», - деді Президент ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесін аралау кезінде.