Қазақстан Қытайға 1500 киік тарту етеді
Қазақстан Қытайға 1500 бас киік тарту етеді, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай үкіметіне 1,5 мың киік беру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.
Қытайдың батыс бөлігінде жерсіңдірілетін ақбөкендер көрші елдегі осы жануардың популяциясын қалпына келтіруге септігін тигізбек", - делінген хабарламада.
Өз кезегінде ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдіріп, Қытайда ақбөкендер санын көбейту үшін жүйелі шаралар жоспарланғанын жеткізген.