Астанаға Финляндия Президенті Александр Стубб ресми сапармен келеді
28-29 қазан күндері Қазақстан Президентінің шақыруымен Астанаға Финляндия Президенті Александр Стубб ресми сапармен келеді, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Сапар аясында мемлекеттер басшылары келіссөз жүргізіп, екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективасын, сондай-ақ жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды.