Парламент

Теңге бағамы жайлы Ұлттық банк не дейді

Теңгені қолдау үшін Ұлттық банк интервенция жүргізе ме, қандай жағдайда жүргізеді? Бұл сұрақты журналистер Ұлттық банк төрағасының бірінші орынбасары Ерұлан Жамаубаевқа қойды.

«Қазіргі сценарийде, дәл бүгінгі күнде ұлттық банк интервенция жасап жатқан жоқ. Оның қажеттілігі де жоқ, себебі бізде өздеріңіз білесіздер, бірінші кезекте барлық мемлекеттік кәсіпорындар өздерінің валюталық түсімдерін міндетті түрде сату керек. Яғни, ұсыныс бар. Екіншіден, ұлттық форумның арнайы міндетті трансферлер мен мақсатты трансферлер бар. Сол бойынша мақсатты графикпен біз дұрыс сата білсек, ұсыныс пен сұранысты толық қанағаттандыра аламыз», - деді Ерұлан Жамаубаев.