Жұмыс орнынан ақша ұрлаған елордалық жігіт ұсталды
Жұмыс берушісінің офисінен қомақты сомада ақша ұрлаған астаналық жігіт ұсталды, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полицияға қала тұрғыны хабарласып, белгісіз біреу оның офисінен ақша қаражатын ұрлап кеткенін айтып арызданған.
Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұрлық жасады деген күдікпен 23 жастағы Астана қаласының тумасын анықтады. Тергеу барысында жігіт жәбірленушінің жүргізушісі болып жұмыс істейтіні белгілі болды. Міндеттерін атқарып жүріп ол жұмыс берушісінің офисінде қомақты сомада ақша барын біліп алған.
Жәбірленуші отбасымен шетелге кеткен кезде қаскүнем офистің құлпын бұзып, ішінен 25 мың АҚШ долларын және 2,5 млн теңгені жымқырып кеткен. Жігіт ұрланған ақшаның жартысын өз керегіне жұмсап, қалғанын бәс тігуге қойып, ұтылып қалған.
Аталған фактіге қатысты ұрлық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жігіттің елорда аумағында жасалған басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Астана қаласы полиция департаменті азаматтарға қырағы болуға, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.