«Өзінің «Хуторский» екенін айтты»: сот отырысында Шерзаттың ағасы Нұрқанаттың жауап алу хаттамасы оқылды
Шерзат Полаттың өліміне қатысты айыптау жөніндегі іс бойынша кезекті сот отырысында мемлекеттік айыптаушы жәбірленуші Нұрқанат Ғайыпбаевтан алынған жауап алу хаттамасын оқып берді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жауап алу хаттамасында жәбірленуші Нұрқанат Ғайыпбаевтың дүкенге ағасы Қаржаубайдың шақыртуымен келгенін айтты. Ол бастапқыда Дархан Әскентаймен келісуге тырысқан.
«Мен жағдайды түсіндім. Әріқарай Дарханға жақындап, «не болды бауырым? не керек?, жігітше шешейік» дедім. Ол маған андай қыламын, мындай қыламын деп сөзге келмеді. Мен оған ертең сау күйде сөйлесейік дедім. Ол сөзге келмей, Нұрболға звондады. Шамамен 2-3 минутта Нұрбол және автокөлік жүргізген бір бала келді. Ол маған өзінің хуторский екенін айтты, ал мен өзімді таныстырдым. Сосын Нұрболмен адам сияқты сөйлесеміз. «Ішіп алған әңгіме, ертең сөйлесейік» дедік. Мен Нұрболға «не керек? ақша болса ақша берейік, ертең күндіз шешейік, мен осы жерде боламын» дедім. Негізі Дархан Қаржаубайға өтірік чек көрсеткен екен. Содан дөрекі әңгіме болған. Нұрбол менімен ерегесіп, агрессиямен сөйлесті. Мен барынша сабырлық сақтап тұрдым. Сол кезде Нұрбол «мен өзім төлеймін» деп дүкенге кіріп, өзі төлем жасады. Содан кейін мен Нұрболға «ертең кел, ертең сөйлесеміз» дедім. Сосын ол келісіп, қол алысып кетеді»,- делінген жауап алу хаттамасында.