Оқиға

Жолдағы жанжал: Елордада жүргізушілер 15 тәулікке қамалды (ВИДЕО)

Әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында полиция қызметкерлері М.Жұмабаев пен Айнакөл көшелерінің қиылысында екі жүргізуші арасында болған төбелесті анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Белгілі болғандай, Audi және Chevrolet Cobalt автокөліктерінің жүргізушілері арасында жолды бөлісе алмаудан кикілжің басталып, арты жұдырықтасуға ұласқан. Оқиғаға қатысушылар дереу ұсталды.

«Ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот шешімімен әрбір құқық бұзушыға 15 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды», - делінген хабарламада.

Полиция «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында кез келген құқық бұзушылықтарға тосқауыл қойылатынын ескертеді.