Жоғалған балықшылардың денесі табылды
Қайғылы оқиға Құрманғазы ауданында болды, деп хабарлады Elordainfo.kz AtyrauPress-ке сілтеме жасап.
«Gwonline» телеграм-арнасының мәліметінше, 3 сәуірде Каспий теңізінің жағасында бұрын теңізге балық аулауға шыққан және хабар-ошарсыз кеткен екі адамның денесі табылды.
Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қаза тапқандар 1981 және 1991 жылы туған ер адамдар. 1 сәуірде олар балық аулауды жүзеге асыру үшін Каспий теңізі бағытындағы «Новинск» каналы арқылы қайықпен шықты. Осыдан кейін олармен байланыс үзілді.
Іздеу жұмыстары бірнеше күн бойы жүргізілді, тек 3 сәуірде «Каспий таңы» өндірістік кооперативінің қызметкерлері балықшылардың денелерін жағадан 70 шақырым қашықтықта тапты.
Оқиғаның мән-жайы нақтылануда.