Жетісу облысында жолдың бір бөлігін су жарып шықты
Жетісу облысында жолдың бұзылған учаскесі жедел түрде қалпына келтірілді, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Ақсу ауданында «Жансүгіров-Матай» автожолының 34-ші шақырымында су өткелінің тозуына байланысты темірбетон құбыры мен жол төсемінің бір бөлігі жарылды.
«Көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды. Жергілікті полиция қоршау белгілерін орнатты, ал ЖАО мен жол қызметінің күштері ТЖД-ны үйлестіруімен жедел жөндеу жұмыстарын жүргізді: құбыр өткелін төсеп, топырақты толтырып, нығыздады», - делінген хабарламада.
Қозғалыс қысқа мерзімде қалпына келтірілді. Қазір су транзитпен өтуде.