Оқиға

Жетісу облысында жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырап, екі адам қайтыс болды

Ақсу ауданында жергілікті маңызы бар Көлтабан - Матай автожолында жедел жәрдем көлігі мен Урал жүк көлігінің қатысуымен адам өліміне әкеп соққан жол апаты болды, деп хабарлады Elorda.info 

Polisia.kz телеграмм арнасының жазуынша, оқиға салдарынан жедел жәрдем көлігі екіге бөлініп кеткен. 

Жол-көлік оқиғасына жедел жәрдем көлігінің 57 жастағы жүргізушісі кінәлі екені анықталды. 

-->

Polisia.kz телеграмм арнасының жазуынша, оқиға салдарынан жедел жәрдем көлігі екіге бөлініп кеткен. 

Жол-көлік оқиғасына жедел жәрдем көлігінің 57 жастағы жүргізушісі кінәлі екені анықталды. 

Ол рөлді басқара алмай, жол бойында тұрған жүк көлігіне соқтығысқан. ЖКО салдарынан жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі мен 54 жастағы жергілікті фельдшер оқиға орнында көз жұмды. Факті бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен сотқа дейінгі тергеу басталды,-делінген полиция таратқан мәліметте.