Оқиға

Жетісу облысындағы орман өрті өшірілді (ВИДЕО)

Жетісу облысы Алакөл ауданындағы таулы аумақтағы өрттің жалпы ауданы 24 гектарды құрады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қазіргі уақытта оқиға орнында өртті сөндіру және толық жою жұмыстары жалғасуда. Таралу қауіпі жоқ.

«Өртті сөндіруге барлығы 100 адам оның ішінде 39 атты адам, 2 тікұшақ, 12 техника жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта желдің жылдамдығы 1-3 м/с, бағыты – шығыстан. Ауа температурасы +22°С, бұлтты, жаңбырлы», - делінген ТЖМ хабарламасында.

Оқиға орнында жедел штаб жұмыс істеуде, жағдай Жетісу облысы ТЖД бақылауында.