Жетісу облысында кәсіпорынға 2,3 млрд теңге айыппұл салынды
Жетісу облысының прокурорлары коммуналдық қалдықтарды кәдеге жарату қызметін көрсететін кәсіпорынның міндетті төлемдерді төлеуден жалтару тәсілін анықтады, деп хабарлады Elorda.info
Тексеріс кезінде кәсіпорын 2020-2023 жылдар аралығында Талдықорған қаласындағы тұрмыстық қатты қалдықтар полигонына (бұдан әрі ТҚҚ) қызмет көрсеткені анықталды.
Кәсіпорынға 2,3 млрд теңге мөлшерінде айыппұл салынды.
-->Тексеріс кезінде кәсіпорын 2020-2023 жылдар аралығында Талдықорған қаласындағы тұрмыстық қатты қалдықтар полигонына (бұдан әрі ТҚҚ) қызмет көрсеткені анықталды.
Кәсіпорынның осы кезеңдегі есебіне сәйкес, осы полигонда 24 мың тонна көлемінде ТҚҚ қабылданған.
Кәсіпорынның есептерін талдау және өзара есеп айырысуларын салыстыру барысында 41 контрагент анықталды, олар полигонға 138 мың тоннадан астам ТҚҚ тасымалдаған.
Бұл Кәсіпорынның ресми есептерінде көрсетілгеннен 114 мың тоннаға артық.
Қадағалау актісіне сәйкес Кәсіпорын ӘҚБтК-нің 328-бабының 1, 6-бөлігі бойынша қалдықтарды жинақтау және қоршаған ортаға эмиссиялар шығарындыларының лимиттерін асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп жазды Жетісу облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Кәсіпорынға 2,3 млрд теңге мөлшерінде айыппұл салынды.